Енді жолаушылар пойыз қозғалысын нақты уақытта бақылай алады

Енді жолаушылар пойыз қозғалысын нақты уақытта бақылай алады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ «пойыз қозғалысының онлайн тақтасын» қолданысқа енгізді. Қазақстандықтар пойыздардың келу және кету уақытын бақылап, қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы жедел ақпарат ала алады. Жаңа сервис «Қазақстан темір жолының» ресми сайтында қолжетімді.