Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы болды. Берік Уәли әр жылдары “Хабар” агенттігі” АҚ басқарма төрағасы, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы, инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. Еске сала кетейік, 2025 жылдың 14 ақпанында Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі қызметінен кетті. Ол өңірді 2022 жылдың маусымынан бастап басқарды.