Алматыда көлігінің нөмірін арнайы құрылғымен жасырған жүргізуші қамауға алынды

Алматыда көлігінің нөмірін арнайы құрылғымен жасырған жүргізуші қамауға алынды. 27 жастағы көлік жүргізушісі алдыңғы нөмірін жасырын механикалық құрылғы арқылы аударып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған. Патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған көлікті тоқтатып, тексергенде көлікке заңсыз құрылғы орнатылғанын анықтады. Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Тимур Ноғайбаев осылай деп хабарлады. Сот шешімімен құқықбұзушы әкімшілік жауапқа тартылды. Жүргізуші 3 тәулікке қамауға алынып, 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.