ҚМА: Қайрат Боранбаевқа қатысты барлық іс тоқтатылды

ҚМА: Қайрат Боранбаевқа қатысты барлық іс тоқтатылды
Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты бұған дейін қозғалған қылмыстық істер тоқтатылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов press.kz басылымына айтқан. Елемесов кәсіпкерге қатысты барлық тергеу жұмыстары аяқталды деген. Осыдан бір жыл бұрын ҚМА Қайрат Боранбаевқа бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген айып тағылғанын хабарлаған. Елемесов “зиянды толық өтеуіне байланысты салық төлемегені туралы қылмыстық іс тоқтатылды” деді. Қалған эпизодтар бойынша іс процестік келісім аясында сотқа жіберіліп, кәсіпкер “зиянды өз еркімен өтеді” деді ҚМА өкілі.