Алматыдан Ыстықкөлге тікелей апаратын жолдың құрылысы биыл басталады

Алматыдан Ыстықкөлге тікелей апаратын жолдың құрылысы биыл басталады. Осы ретте Азия даму банкі қаржы көзі ретінде таңдалды. Бұл жайында екі ел үкімет басшыларының Астанадағы кездесуінде белгілі болды. Қазір Алматыдан Ыстықкөлге жету үшін 460 шақырымды еңсеру қажет. Ал төте жолдың ұзақтығы, небәрі 90 шақырымға тең болады. Бұл жоба екі ел арасындағы көлік қатынасын жеңілдетіп, туризм саласына оң ықпал ететіні анық, – дейді Көлік министрі Марат Қарабаев.