Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйі аукционның бірінші сатылымында өтпеді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйі аукционның бірінші сатылымында өтпеді. Электрондық сауда алаңының сайтындағы деректерде осылай деп көрсетілген. “Аукцион басталған сәтте сату объектісі бойынша аукцион залында бірде-бір қатысушы тіркелмеген. Сонымен қатар, бастапқы бағаны растамаған”, – делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімовтың сатылымға шыққан Астанадағы үйінің құны 1,8 миллиард теңгеге бағаланған. ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынды. Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды.