Ел тұрғындары наурызда 14 күн демалады

Ел тұрғындары наурызда 14 күн демалады. Көктемнің алғашқы айында республикамызда екі мемлекеттік мереке аталып өтеді. Олар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы. Халықаралық әйелдер күніне байланысты аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9 және 10 наурыз күндері демалады. Алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 9 наурыз күндері демалып, 10 наурызда жұмысқа шығады. Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр. Сондықтан отандастар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады. Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз – жұмыс күні болады.