Азат Перуашев: «Маркетплейстер ҚҚС төлеуі керек»
Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев шетелдік маркетплесйтер қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуі керек деп есептейді. Оның сөзінше, шетелдік маркетплейстердің кесірінен қазақстандық өндірушілер зардап шегіп жатыр. «Шетелдік маркетплейстер 200 еуроға дейінгі тауарларды бажсыз әкелу құқығын пайдаланады. 2023 жылы шетелдік маркетплейстер 505 млрд теңгенің тауарын жеткізді. Бірақ бюджетке 24 млрд теңге ғана төледі, бұл айналымның 4,8%-ы ғана. Бұл кедендік баждан толығымен кету деген сөз, ҚҚС-дан 2,5 есе аз. Шетелдік маркетплейстердің ҚҚС-дан жалтаруы салдарынан бюджет 60 млрд теңгеден айырылды», – деді Перуашев.