Перизат Қайрат құрған “Biz Birgemiz” қоры таратылады
Перизат Қайрат құрған “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қоғамдық бірлестігі Қаржы мониторингі агенттігінің бастамасымен күштеп таратылады. Бұл туралы әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2025 жылдың 14 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілген. Сотта аталған бірлестікті мәжбүрлеп тарату да ұсынылған. 2024 жылдың қарашасында агенттік қайырымдылық қорының құрылтайшылары көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 3 миллион доллар жымқырды деп күдікке ілінген. Кейіннен бұл күдік расталып, қор қаражатының бір бөлігі қымбат бағалы заттар мен жылжымайтын мүлікті сатып алуға жұмсалғаны анықталды.