Құлыбаевтар Конституциялық сот арқылы ҚБТУ-ды өздеріне қайтарып алмақ. Бұған дейін Қазақ-Британ техникалық университеті мемлекетке қайтарылған еді. Алайда Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі олигарх Тимур Құлыбаев мұнымен келіспей, Конституциялық сотқа шағымданған. Жағдайға қатысты министр Саясат Нұрбек жауап берді. “Мұндай мәселелер бойынша шешім комиссия болса да, нақты түйіні сот арқылы қабылданады. Бұл істі енді Конституциялық сот қарайды, соңғы сөзді Жоғарғы сот айтады”, – деді жоғары білім мен ғылым министрі.