Енді ата-аналар балаларына арнайы SIM-карта сатып алып беруге міндеттеледі. Елімізде балаларға арналған тарифі бар SIM-карталар әзірленіп жатыр. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан осылай деп хабарлайды. Балаларға арналған SIM-картаның артықшылығы: Ата-ананың бақылауы; Балаларға арналмаған контенттен қорғау; Баланың қайда жүргенін бақылау. Бұл SIM-карталар балалардың суицид, зорлық-зомбылық және буллингке қатысты қауіпті контенттерден шектеуге мүмкіндік береді. Ал оның қашан енгізілетіні әзірге белгісіз.