Кеше түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейіннен бөтен пәтерден табылған. Енді жергілікті тұрғындар ұсталған күдіктіні өздеріне беруді талап етіп, жаппай жиналған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 5 жастағы қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама Сәтбаев қаласының полиция департаментіне 23 шілде күні 21.00-де түскен.
Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған Жезқазған қаласының тұрғыны, бүлдіршіннің әкесі екен.
Сәтбаев қалалық полиция департаментінің жеке құрамы мен еріктілер қатысқан іздестіру шараларының нәтижесінде қыз бала көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылды.Қазіргі уақытта оны ауруханада қарап жатыр. Күдікті қамауға алынған.