“АЛМЭКС” холдингтік тобы акционерлік қоғамы Halyk Bank акцияларының бір бөлігін ашық нарықта сатуды жоспарлап отыр. Бұл қадам банк бағалы қағаздарының өтімділігін арттыру және жаңа инвесторларды тарту мақсатында жасалып отыр.
Холдинг саудаға шығару туралы толық ақпаратты кейінірек жариялайтынын мәлімдеді. Қазіргі таңда Halyk Bank қаржылық тұрақтылығын сақтап отыр: базалық капиталдың бірінші деңгейі 18,1 пайызды құрайды.
Акциялардың сатылуы банк пен еліміздің қаржы нарығының дамуына оң әсер етеді.
Бұл туралы KASE хабарлады.
