Алматыда жауған қардан кейін оннан аса жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Алматыда жауған қардан кейін оннан аса жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қаза болғандар жоқ, бірнеше адам жарақат алды. Осыған байланысты полиция тұрғындар мен көлік жүргізушілеріне үндеу жасап, жолда сақ болуға шақырды.

Жол апаттарының басым бөлігі — қашықтықты сақтамау, жылдамдықты дұрыс таңдамау және жол қозғалысына қатысушылардың алаңғасарлығынан болған.

«Қардан кейін жолдың беті тайғақ болып, тежеу жолы ұзаруы мүмкін. Біз барша азаматтарды өте сақ болуға, жылдамдықты азайтуға, кенеттен маневр жасаудан аулақ болуға және жолдағы қауіпсіздік үшін әрбір адамның жауапты екенін есте сақтауға шақырамыз», — деді Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.