Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандайды

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандайды.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, министрлік дәрілік заттарға баға белгілеудің жаңа тетігін енгізген.

“Өзгерістер нәтижесінде дәрілік заттардың кең тізбесі бойынша бағалардың едәуір төмендеуі есебінен бүгінгі күні 36 млрд теңгеден астам қаражат үнемделіп, сатып алудың экономикалық тиімділігі дәлелденді. Бірқатар жоғары шығынды дәрілік заттар бойынша бағаның төмендеуі 50-ден 300 пайызға дейін жетті”, – деп атап өтті ведомство басшысы.