Мобильді аударымдар 1 млн теңгеден асса, бақылауға алынады.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, бір адамның шотына 5–10 млн теңге 2–3 адамнан түссе, ол бақылауға алынбайды. Ал қаңтарда аударым алып, ақпанда аударым жасалмаса, мұндай есепшоттар да бақылауға ілікпейді. Егер қаржы 3 ай қатарынан түсіп отырса, мобильді аударымдар тексеріледі.
«Біз жеке азаматтардың шоттарын бұғаттамаймыз. Хабарлама жібереміз. Аударымдарға қатысты түсініктеме берілсе, ешқандай шара қолданылмайды. Тек салықтан жалтару анықталса, азаматтан салық міндеттемелерін өтеу талап етіледі. Салықтық тексеру жүргізіліп, салықты өндіріп алу шаралары қолданылады. Жеке сот орындаушыларына сол азамат туралы мәлімет беріледі. Банк шоттары бұғатталмайды», – деді вице-министр Ержан Біржанов.
