Мереке күндері Астана мен Алматыдан қосымша 100 әуе рейсі орындалады.
Көлік министрлігінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Ведомствоның вице-министрі Талғат Ластаев авиация инспекторларына мерекелік күндері мониторингтік топтар құруды тапсырды. Рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларды ресми сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді қосымшалар, әуежайдағы ақпараттық таблолар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жедел хабардар ету міндеттелді.
