Қытай Америка консулдығына 27 шілдеге дейін ғимаратты босатуға уақыт берген еді. Қытайдың мемлекеттік телеарнасы дүйсенбі күні таңертең АҚШ туының түсіріліп, қызметкерлердің мекемені тазартуға кіріскенін көрсетті.
Вашингтон мен Пекиннің қарым-қатынасы 21 шілде күні АҚШ билігі Хьюстондағы консулдықты жабу туралы талап қойғаннан кейін одан әрі шиеленісті. Америкалық тарап Қытайдың дипломатиялық өкілдігі тыңшылықпен айналысты және интеллектуалдық меншікті ұрлады деп мәлімдеді.
Ал АҚШ-тың Чэндудегі консулдығын жапқан Қытай мұны “АҚШ тарабының негізсіз әрекетіне заңды әрі қажетті жауап” деп атаған.