Отбасы банк сервистері техникалық жұмыстарға байланысты уақытша істемей тұр

Отбасы банк сервистері техникалық жұмыстарға байланысты уақытша істемей тұр.

Жүйедегі техникалық іркілістерге қатысты Отбасы банк ресми мәлімдеме жасады. Қазіргі уақытта мобильді қосымша мен enpf-otbasy интернет-платформасы уақытша тоқтатылған. Бұған банктік сервистерді жаңарту және техникалық қызмет көрсету процесі себеп болды.

Осыған байланысты банк бөлімшелерінде қызмет көрсету, «Баспана маркет» платформасы арқылы операциялар жүргізу, сондай-ақ мобильді қосымша арқылы жасалатын қаржылық әрекеттер әзірге қолжетімсіз, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, байланыс орталығының қызметі де уақытша тоқтатылды. Банк қалыпты жұмыс тәртібіне техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін көшеді.