Елде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Премьер-министр Асқар Мамин осылай деп мәлімдеді. “Медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. Жазылғандардың саны 63 пайыздан асты.
Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4-тен 1,7 пайызға дейін азайды. Ауруханалардағы орындардың жүктемесі 46 пайызға дейін төмендеді. Айдың қорытындысы бойынша жедел жәрдемге шақыру бойынша көрсеткіш 38 пайызға төмендеді. Барлық өңір дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген”, – деді үкімет басшысы.