Германия тұрғындарының басым бөлігі Олимпиада ойындарын өткізуге қарсы дауыс берді.
Бұл Гамбург қаласында өткен референдумнан кейін белгілі болды. Қала мэрі Петер Ченчердің айтуынша, дауыс берушілердің 54,9 пайызы ірі спорттық шараны ұйымдастыру идеясын қолдамаған. Осыған байланысты Гамбург 2036, 2040 немесе 2044 жылғы Жазғы Олимпиадаға берген өтінімін кері қайтарып отыр.
Германия атынан үміткер болу үшін енді Мюнхен, Берлин және Рейн-Рур өңірі өзара бәсекеге түседі. Қай қала таңдалатыны 26 қыркүйекте белгілі болады.
