Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев вице-президенттің қашан тағайындалатынын айтты.
Қазақстанда 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енеді. «Конституциямыз күшіне енгеннен кейін бірқатар тұлғалар жаңадан тағайындалады. Одан кейін Құрылтайға сайлау жарияланады. Қыркүйек айында жаңадан сайланған Құрылтайдың тізімін көреміз. Ал вице-президент Құрылтайдың келісімімен тағайындалады, яғни қыркүйек айында нақты шешім қабылданады», – деді Сәрсембаев.
