Қазақстанда автолизинг жеке тұлғаларға қолжетімді бола бастады.
Бұрын бұл қаржы құралы тек заңды тұлғаларға арналатын болса, қазір барша халыққа ұсынылып отыр. Оның басты ерекшелігі – көлікті ұзақ мерзімге жалға алып, келісім аяқталған соң сатып алу немесе қайтарып, жаңа көлікпен келісімшарт жасау мүмкіндігі.
Автонесие мен лизингтің айырмашылығы айқын: автонесие көлікті бірден жеке меншікке береді, ал лизинг уақытша пайдалану құқығын ұсынады.
Халыққа арналған автолизинг жүйесі елдегі автопаркті жаңартуға серпін беріп, көлікке қолжетімділікті арттырады. Жиі көлік ауыстыратындар үшін лизинг анағұрлым ыңғайлы.
