Атырау мен Шымкент қалаларында қайтадан блок-бекеттер орнатылады. Жергілікті билік бұны Құрбан айт мерекеcімен байланысты енгізілген уақытша шаралар деп отыр. Тиісті шешімді облыстардың бас санитар дәрігерлері қабылдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Екі жағдайда да бақылау-өткізу пункттерін тәртіп сақшылары мен эпидемиологтар күзетеді. Олар Атырау мен Шымкент аумағында ешкімнің малды соймауын қадағалайтын болады. Бас санитар дәрігерлердің қаулыларына сәйкес, 31 шілде мен 2 тамыз аралығында қалаларда жаппай шараларға, Атырау және Шымкент тұрғындарына қонақтар шақыруға және мешіттер мен медреселерде садақа беруге тыйым салынады.