КВИ қатысты ақпарат күн сайын жарияланып отырады

КВИ қатысты ақпарат күн сайын жарияланып отырады. Бүгінде елде 9584 адам пневмониямен ауырып жатыр. Дерттен қайтыс болғандар саны 102 – ге жетті. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің келтірген мәліметі. Нақтыласақ, бұл статистика биыл 1 тамыздан бастап, бүгінге дейінгі аралықты қамтиды.

Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Ал аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.