Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін алатындардың саны нақтыланғанын мәлім етті. Бұл туралы Бағдат Қожахмет Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Келісім бойынша коронавирусқа қарсы вакцина шыққан бойда оны еліміздегі халықтың 20 пайызына бірден жеткізіп бермек. Министрліктің ресми өкілі бүгінде вакцина тегін алатындардың нақты саны анықталды деп отыр. Барлығы 2 млн 182 000 адам. олардың ішінде 65 жастан асқандар, жүрек-қан тамыр ауруы, қант диабеті және өкпенің обструктивті ауруы, созылмалы ауруы бар азаматтар бар.
Сонымен қатар медицина қызметкерлеріне де вакцина тегін салынбақ. Адамдар өз еркімен вакцина салдырамын десе, өз ақшасына сатып алады”, – деді министрліктің ресми өкілі.