Ресейлік “Аэрофлот” әуекомпаниясы бірқатар шетелдік бағыттарға, соның ішінде Қазақстанға да рейстердің тоқтатылатыны туралы хабарлады.
Оған коронавирус пандемиясы себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ. ұшу уақытша тоқтатылған Еуропа, Таяу Шығыс және Азия аймақтарының 80 қаласы бар. Соның ішінде Қазақстандағы тоғыз қала кірген. Әуе компаниясы ресми сайтында бұл шараны қабылдауға мәжбүр болғандарын жеткізді. Онда шектеу мерзімі 31 тамызына дейін көрсетілген. Осы мәселе бойынша және бұдан кейінгі өзгертулер туралы ақпараттар сайтта бөлек жарияланатыны белгілі болды.