Алматыда Bek Air ұшағының апатына байланысты кезекті сот отырысы өтті

Алматыда Bek Air ұшағының апатына байланысты кезекті сот отырысы өтті.Бұл жолы оңтүстік астананың аудандық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы қызметкерлері тұрғын үйлер салу үшін Алматы әуежайына жақын жер учаскелерін заңсыз сатқанындарын мойындаған.

Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. 6 тамызда өткен сот отырысына бұрынғы 5 мемлекеттік қызметкер келген. Олардың көбі алаяқтық жасау және лауазымын асыра пайдалануға қатысты айыпталуда. Еске сала кетсек, өткен жылы 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам оқиға орнында көз жұмған еді. Оның ішінде экипаж командирі де болған.