Қасым-Жомарт Тоқаев “Абайтану” оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Президент “Егемен Қазастан” газетінде жарияланған мақаласында айтты. «Біз Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керек.
Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз. Әрбір қазақ Абаймен мақтануға тиіс! Халқымыздың ұлы перзентінің торқалы тойы құтты болсын!», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.