Беларусьте арнайы жасақ тұрғындарға шабуыл жасауын доғарар емес

Беларусьте арнайы жасақ тұрғындарға шабуыл жасауын доғарар емес. Минскідегі Рокоссовский алаңында ОМОН жасағы наразы топтың мүшелерін іздеп, үйлердің кіреберісіне шабуылдаған. Бүгін түнде Минск және Беларусьтің басқа қалаларында президент сайлауының нәтижесіне қарсы жаппай наразылық шарасы өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Акция кезінде елде интернет өшірілді. Оқиға орнынан хабарды жергілікті және ресейлік БАҚ, Telegram-каналдар таратты. БАҚ мәліметінше, Беларусьтің арнайы жасағы (ОМОН) көшелер мен даңғылдардағы наразы топты ығыстырып жатыр. Олар адамдарға қарсы граната пайдаланып, резіңке оқтармен атқан. Қарапайым тұрғындар арнайы жасаққа тас лақтырған.