ДДҰ ресейлік вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігіне күмән келтірді

ДДҰ ресейлік вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігіне күмән келтірді. Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасы екі ай сынақтан өткен. Лондон университеті колледжінің генетика институтының сарапшысы Франсуа Баллу ресейлік вакцинаны асығыс тіркеу – “албырт және қате шешім” екенін айтады.

Уорвик университетінің ұлыбританиялық бизнес мектебінің дәрілік препараттарды зерттеу жөніндегі маманы Айфер Алидің айтуынша, вакцинаны асығыс мақұлдау оның ықтимал теріс әсерлері әлі анықталмағанын және олар сирек, бірақ ауыр ауру болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Путин 11 тамызда Ресей дүние жүзінде алғаш болып COVID-19-ға қарсы вакцинаны тіркегендерін мәлімдеді. Ол Гамалеи атындағы институт дайындаған вакцина қауіпсіз екенін және оның қыздарының біріне салынғанын айтты.