Сауда және интеграция министрі алкоголь және темекі өнімдерін сатуды реттейтін бұйрыққа қол қойды.
Бұған дейін халық денсаулығы туралы жаңа кодексте сатушылар темекі сатып алушылардан құжат талап ететін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.. Министрдің бұйрығында бұл тәртіп өзгерді.
Енді алкоголь және темекі өнімдерін сатушы сатып алушының 21 жасқа толғанына күмән келтірсе ғана оның жеке басын куәландыратын құжатты талап етеді. Айта кетейік, жаңа кодекс қабылданғаннан кейін көптеген азамат алкоголь және темекі өнімдерін сатып алу кезінде жеке басты куәландыратын құжатты ұсыну талабына шағымданған болатын.