Министрлік жаңа оқу жылына қатысты бірнеше санитарлық талап қойды

Министрлік жаңа оқу жылына қатысты бірнеше санитарлық талап қойды.Денсаулық сақтау министрлігі жаңа оқу жылына қатысты бірнеше санитарлық талап қойды. Енді оқушылардан COVID-19 анықталса, сынып толығымен карантинге жіберіледі.

Айта кетейік, мектептер штаттық режимге көшкен күннің өзінде әр ата-ана баласын қашықтан оқытуға құқылы. Қоса кетсек, санитария ережелеріне сәйкес, келер жылдың қаңтарына дейін мектептерде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырып, спорттық додалар өткізуге тыйым салынған. Егер сырқаттардың қатары уақыт өте кемісе, оқу аралас форматқа ұласады.