Қазақстандық студенттер Ресей үкіметінен көмек сұрады

Қазақстандық студенттер Ресей үкіметінен көмек сұрады. Олар сабақтарына бару үшін елге кіруге рұқсат беруді өтінді деп хабарлайды “Коммерсантъ”.  Қазақстан мен Ресей шекарасы коронавирусқа байланысты жабық тұр. Сондықтан студенттерге қашықтан оқу ұсынылды.

Бірақ өтініш жазған студенттер күндізгі оқуға қарағанда қашықтан оқудың сапасы бәсекеге қабілетті болмайды деп есептейді. Медицина және шығармашылық бағытта қашықтан оқу мүлдем мүмкін емес делінген хатта. Басылымның мәліметінше, Ресейде шетелден 300 мыңға жуық студент оқиды. Олардың көбі – Қазақстан, Қытай және Өзбекстаннан келгендер.