Назарбаев үндеу жолдады

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей, АҚШ, Қытай және Еуропалық Одақ басшыларының қатысуымен республикада халықаралық саммит өткізіп, ядролық қаруды кезең-кезеңімен және пропорционалды түрде қысқарту туралы көпжақты келісімді талқылауды ұсынады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев үндеуінде халықаралық қауымдастықты ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстанның үлгісімен жүруге және “ядролық ақылсыздықты тоқтату үшін күш біріктіруге” шақырған.

“Мен АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропалық Одақ басшыларының ғаламшардың болашағы үшін ерекше жауапкершілікті алатындығына сенімдімін. Егер саммит осы төртжақты форматта өткізілсе, онда оның басты тақырыптарының бірі ядролық қаруды біртіндеп және пропорционалды түрде қысқарту туралы көпжақты келісімді әзірлеу болуы керек. Қазақстан осы саммитке өз алаңын ұсынуға дайын”, – деді Назарбаев өз үндеуінде.

Елбасы Н.Назарбаевтың іс-шара қатысушыларына арнаған үндеуін БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясының барысында Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді оқыды.