Келер жылы президенттің тапсырмасын орындауға 1,6 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Биылдың өзінде ол үшін республикалық бюджеттен белгілі бір мөлшердегі қаражат қарастырылып отыр. “13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасын құруға 30 миллиард теңге қарастырылған. Үкімет резервінен әлеуметтік осал жағдайдағы отбасылардан шыққан балаларға компьютерлік техниканы сатып алуға 70 миллиард теңге бөлінді”, – деді Смайылов.