Әлемде астық бағасы қымбаттайды. Келер жылдың соңында әлемдегі дақылдар қоры 895 млн тоннаға жетеді деп хабарлайды 24.kz. БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы осылай деп болжап отыр. Сәтті жиын-терімнің нәтижесінде жаһандық сатылым 442 млн тоннаға жетуі керек.
Соған қарамастан тамыздағы баға екі процентке өскен. Былтырғымен салыстырғанда жеті процентке артқан. Әсіресе жемдік астықтың бағасы шарықтайды. Ұйым болжауынша, биыл әлемдік астық өндірісі рекордты көрсеткішке жетеді. Былтырғыдан 58 миллион тоннаға артық өнім жиналады.