Неміс дәрігерлері Навальныйды емдеп жатыр. Ол әлі күнге Берлин клиникасында ес-түссіз жатыр. Оның ағзасында қанша у қалғанын немесе шығып жатқаны тексеріледі деді Германия СІМ басшысы Хайко Маас. Қоса кетсек, Ресей тарапы Германияның құқық қорғау органдарына, және неміс дәрігерлеріне Навальныйға қатысты жағдай туралы сұрау жіберді, бірақ әлі жауап қайтарылмады.
Хайко Маастың айтуынша, Ресей жіберген құқықтық көмек туралы сұрауды қарау процесі әртүрлі ведомство арқылы өтеді. Сынамаларды зерттеген Шариттегі медицина қызметкерлері қарауы қажет. Айта кетейік, Навальный 20 тамыз күні Томскіден Мәскеуге ұшып бара жатқанда өзін жайсыз сезінген. Ұшақ шұғыл Омскіге қонып, саясаткер ауруханаға түсті.
Араға екі күн салып, Навальный Германияға жеткізілді. 2 қыркүйекте канцлер Ангела Меркель сенімді түрде оппозиционерге қастандық жасалғанын, оған «Новичок» деп аталатын у берілгенін мәлімдеді.