Ұлыбританияда коронавирус вакцинасының кері әсерінен клиникалық сынақ тоқтатылды. Бұл туралы BBC хабарлайды. Британдық вакцина 1 және 2 кезеңінде сынақтан сәтті өткен. Сол себепті нарықта алғашқылардың бірі болып қолданысқа шығады деген үлкен үміт болған. Оның 3-тестілеу кезеңіне қатысуға АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия және Оңтүстік Африка елдерінен 30 мыңға жуық адам ниет білдірген. Вакциналарды сынаудың 3-кезеңі әдетте мыңдаған қатысушыларды қамтиды және бірнеше жылға созылуы мүмкін.