Бірнеше мемлекет Қазақстанмен әуе қатынасын жандандыруға ниетті

Бірнеше мемлекет Қазақстанмен әуе қатынасын жандандыруға ниетті. Олар – Малайзия, Польша, Мажарстан, Қырғызстан, Чехия, Әзербайжан елдері. Қазақстан да басқа мемлекеттермен әуе қатынасын өзара ретке келтіруді ұсынып отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандық әуе компаниялардың өтініші бойынша Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерімен рейстерді қалпына келтіру мәселесін көтерген. Нәтижесінде 10 қыркүйектен бастап Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне санитарлық талаптардың сақталуымен рейстер қалпына келтірілмек. Ал Тәжікстанға әуе сапарларын жандандыру мәселесі пысықталуда.