Елордада 4 итті зорлағандар жайлы сұмдық дерек шықты

Елордада бұрын-соңды болмаған зорлық түрі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Хайуанаттарды уақытша ұстайтын изоляторда төрт иттің жыныстық сипаттағы азап көргені анықталды. Олар қазір еріктілердің қолында ем қабылдауда. Ал жыныстық зорлық көрсетуі мүмкін деген күдіктіні полиция іздеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

КТК телеарнасына сілтеме жасап. Менің ойымша, қыртыстары бар цилиндр тәрізді затпен иттерге жыныстық сипаттағы зорлық жасаған. Иттердің жарақаттарына қарағанда, солай көрінеді. Оны порнографиялық сипаттағы видео түсіру үшін жасаған сияқты.

Ветеринар дәрігерлер де төрт иттен де бірдей жарақат іздерін байқап отыр”,- дейді “Стопотлов” жануарларды қорғау жеке қорының басшысы Юлия Педченко. Төрт ит қазір жанашырларының қолында, ем-дом қабылдап жатыр. Жағдайлары да жаман емес. Күнделікті жейтін тамағы мен жататын орнын бұл кісілер мойнына алған. Ал иттерге қорлық көрсеткен кісінің ісімен полиция айналысып жатыр.