Ресейлік белсенді Максим Марцинкевич изоляторда қайтыс болды. Тесак лақап атымен танымал болған ол өз-өзіне қол жұмсады. Baza Telegram каналының мәліметінше, Марцинкевичтің денесі Челябинскідегі №3 тергеу изоляторы камераларының бірінен табылды. Ол бір адамдық камерада болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Тесак өзін-өзі өлтіру үшін бір рет қолданылатын ұстараны пайдаланған. Максим өлімі алдында хат жазып кетіпті. Онда не жазылғаны әлі белгісіз.