Аңшы лицензиясы электронды түрде беріледі

Аңшы лицензиясы электронды түрде беріледі. Мұндай қызметтерді экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі іске қосты. Бұдан бөлек, eGov порталында жануарлар әлемінің нысандарын алуға квоталар бөлу, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзетілетін аймағында тұратын жергілікті халықтың қажеттіліктеріне рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру қызметтері де ұсынылады.