Құс тұмауының өршуіне байланысты тағы бір шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария басқармасы мәлімдеді. Айтуынша, күзде суда жүзетін құстарды аулауға тыйым салынуы ықтимал. Мамандар құс ауруын аймақтағы жабайы құстардан жұқтырғанын анықтаған. Ведомство экология министрлігіне тиісті хат жіберді.
Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілердің пайымдауынша, ортақ су қоймаларын пайдалану кезінде инфекция пайда болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстандағы құс фабрикаларында күн сайын құс саны он мыңға қысқарып жатыр. Айта кетейік, Ресейдің кейбір аймақтарында да құс тұмауының дәл осындай түрі тіркелген. Сол себепті өнімнің экспортына тыйым салынған.