Әкімдіктегілер Шонжыдағы құлаған спорт кешеніне қатысты пікір білдірді. Алматы облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Усманбаевтың айтуынша, кешен шатырының құлауынан жұмысшылар зардап шеккен жоқ. Қазір мамандар төтенше жағдайдың себебін анықтап жатыр. “Нысанда 50 адам жұмыс істеді. Құрылыс салушы – “Лидер НК”ЖШС. Мұнда үш корпус салу жоспарланған. Олардың бірінде шатыр құлады. Құлау себептері әртүрлі, адам факторы болуы мүмкін. Құрылыс барысында біреуі болтты дұрыс бұрамауы да мүмкін”, – дедi Еркебұлан Усманбаев.