Ресейдегі құс тұмауы дертінің 40-тан аса ошағы тіркелді

Ресейдегі құс тұмауы дертінің 40-тан аса ошағы тіркелді. Олар – Түмен, Челябі, Қорған және Омбы облыстары.Әсіресе Омбы облысындағы жағдай ауыр деп хабарлайды 24.kz. Алғаш рет бұл кесел 12 тамызда анықталған. Қазір облыстағы дерт 32 ауданның 15-іне тарап кетті. Алғашында бұл ауру жеке меншік қожалықтарда тіркелді. Бұл дерт жабайы құстардан жұққан. Дерттің салдарынан қаншама тауық, қаз, үйрек пен күркетауық қырылған. Ауру тараған елді мекендерде карантин жарияланды, құс пен жұмыртқаны сыртқа шығаруға тыйым салынды. Облыс әкімшілігі жекеменшік қожалықтарына төленетін өтемақы көлемін 5 млн рубльге бағалап отыр.