Шамалғанда жаяу жүргіншілерге арналған көпір ел игілігіне берілді

Шамалғанда жаяу жүргіншілерге арналған көпір ел игілігіне берілді. Бүгін облыс әкімі Амандық Батталов көпірдің салтанатты ашылуына қатысты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Стансадағы көпірдің құрылысы жол апатынан кейін салынған. Көпірдің ұзындығы 59-60 метр, биіктігі 9 метрге жетеді. Егде адамдар мен жас балаларға арналған екі лифт ашылды. Облыс әкімінің айтуынша, құрылысқа жергілікті бюджеттен 365 млн теңге жұмсалған.

Құрылыс нысаны облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық меншігіне беріледі.Еске сала кетсек, былтыр 15 қыркүйекте Шамалған станциясында рельстің үстінде тұрып қалған жолаушылар автобусымен жолаушылар пойызы соқтығысқан болатын. Соның салдарынан автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен.