Аймағамбетов қазақстандық вакцинаны салғаннан кейінгі жағдайын айтты. Қазір қазақстандық QazCovid-in вакцинасы 17 қыркүектен бастап клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Вакцинамен Білім министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында айналысады.
Білім және ғылым министрі жобаға басынан бастап жетекшілік еткенін және әр кезеңге қатысқанын айтты. “Мен күн сайын клиникаға дейінгі зерттеулердің нәтижелерін алдым, сараптамалардың нәтижелері мен вакцинаның тиімділігін көрдім, сондықтан біздің вакцинаны егу туралы шешім қабылдадым. Содан бері көп уақыт өтті. Өзімді жақсы сезінемін, ешқандай кері әсер болған жоқ, температура көтерілген жоқ”, – деді Асхат Аймағамбетов.