Өскемен әкімдігі өз қызметкерлерінің жетімдер үйінде тұратындығын жоққа шығарды. Қызметтік тексеріс нәтижесінде, жетімдерге арналған үйде тұрып жатқан Өскемен қаласы әкімдігінің қызметкері емес екендігі анықталды. Бұл туралы қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Фархат Жілібаев хабарлады. Осыған байланысты “Үміт” балалар үйінің қызметкерлері жағдайдың жай-жапсарын түсіндірді.
Айтуларынша, мекемеге келген балаларды бірден баспана кезегіне қояды. Бала 18 жасқа толмай кезегі келсе, ол пәтерден бас таратпайды. Өйткені балалар үйінің тәрбиеленушісі баспанасыз қалуы мүмкін. Сондықтан ережеге сәйкес, үшінші тұлғаға жалға береміз. Оған құқығымыз бар деді “Үміт” балалар үйінің әлеуметтік педагогы Қарлығаш Құсайынова.