Шымкентте карантин ұзартылды

Шымкентте карантин ұзартылды. Бұл туралы қаланың мемлекеттік бас санитария дәрігерінің қаулысында айтылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қаулыға сәйкес, Шымкент қаласында шектеу шаралары 28 қыркүйектен 12 қазанға дейін ұзартылған. Шаһар тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын іс-шараларды еске алу, туған күндер, мерейтойларды өткізуге тыйым салынады.